Бұл қызықты жасыл әлем

викторинаМаусым айының 15-ші жұлдызында №2 мектептің 5 «б» сынып оқушыларымен «Бұл қызықты жасыл әлем» атты викторина өткізілді.
Оқушылардың табиғат туралы алған білімдерін молайту, табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру, туған жер табиғатына деген
сүйіспеншіліктерін арттыру, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру мақсатында кітапханашы Г. Майлянова оқушыларға «Табиғат» жайлы мол мағлұмат берді. Викторинаның сұрақтарына оқушылар белсене жауап беріп отырды.Шара соңында осы тақырыпқа арналған кітаптармен таныстырып, кітап көрмесіне шолу жасады.