Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат

           Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы «Ұлы Даланың жеті қыры»мақаласының  аясында Қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде  сәуір  айының 16-шы жұлдызында   № 2 мектептің  8  -ші   сынып оқушыларының қатысуымен «Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат»  атты дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың асыл қадір – қасиеттерін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге,салт-дәстүрлерімізді қадірлей білуге баулу.Оқушыларды салт-дәстүрімізден нәр алып өсуіне,инабаттылыққа, жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден  ғибрат алуға тәрбиелеу.   Шара барысында кітапханашы Шернияз Н.       қазақ халқының бала тәрбиесіне, отбасы, тұрмыс-салт дәстүрлеріне сипаттама беріп, олардың шығу тарихына, мән-мағынасына тоқталды. Сонымен қатар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан үзінділер келтіріп, озық дәстүрлерді табысты жаңғыртудың маңызы жайында әңгіме қозғады.  Оқушылар сұрақтар қойып,  салт-дәстүр туралы өз ойларын айты.Кітапханашы Майлянова Г. «Ата салтым- асыл қазынам»  кітап көрмесіне библиографиялык шолу өткізді. Шараға 22 оқушы қатысты.